• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Сәуір, 2022

Нұр-Сұлтанда реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршамдар орнатылды

519 рет
көрсетілді

Реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағының орнына 34 бағдаршам орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі полиция департаменті ұсынған апаттарды талдау негізінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірнеше іс-шараны іске асырды, оның ішінде реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағының орнына 34 бағдаршам салу бар. 16 жаяу жүргінші өткелінде қосымша жарық және жаяу жүргіншілер өткелінің алдында жылдамдықты төмендетуді ескертіп, діріл тудыратын бұдыр жолақтар орнатылды», деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Чупеков Е. К. айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде көліктердің жаяу жүргіншілерді қағу оқиғаларының саны азайған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен (3 ай) салыстырғанда аталған факті 22-ден 20 жол-көлік оқиғасына дейін, зардап шеккендер саны 24-тен 19 адамға дейін қысқарды.

Осы жылы 40-тан астам учаскеде жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам салу жоспарланған, оның ішінде Тілендиев даңғылында Small СҮ, Рахмет СҮ және т.б. адам көп жүретін магистральдарда, өткелдер алдында автомашиналардың бұрылу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан басқа, елорда әкімдігінің цифрландыру басқармасы, «Сергек» АӨК реттелетін 26 жаяу жүргінші өткелінде бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту бұзушылықтарын тіркеудің жаңа функциясын әзірлеп, енгізді.