• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Сәуір, 2022

Қазақстан мен Чехия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

236 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Чехия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан Елшісі Марат Тәжиннің Чехия Парламентінің төменгі палатасының депутаттарымен кездесуінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дәстүрлі достық және сенімді сипатын, сондай-ақ Қазақстанның екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ұмтылысын атап өтті.

М.Тәжин чех парламентарийлерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған бағытқа сәйкес елімізде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту тақырыбын талқылай отырып, Елші өзара іс-қимылды жандандыруды, атап айтқанда, екі ел парламенттерінің парламентаралық «Достық топтары» мен ынтымақтастық топтары депутаттардың өзара сапарларын ұйымдастыруды ұсынды.

Чех депутаттары ҚР Президентінің Жолдауына, Қазақстанды одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын жаңа саяси бағдарламаға үлкен қызығушылық танытты.