• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Сәуір, 2022

Геннадий Головкин әлемдік рейтингте көш бастады

215 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жеңісінен кейін оның рейтингтегі орнын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Енді Головкин BoxRec рейтингісінде барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) бірінші орынға жайғасты - оның балы 698.6.

Екінші орында – мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО), оның қазіргі уақыттағы рейтингі - 687.4 балл.

Әлемнің үздік боксшыларының үштігіне америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) кірді - 524.0 балл.

Еске салсақ, Геннадий Головкин 9 сәуірде Жапонияда өткен жекпе-жекте Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді. Енді ол WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері.