• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2022

Семейде айыппұлын төлемеген жүзге жуық жүргізуші жаяу қалды

244 рет
көрсетілді

Семей қаласында бір аптада айыппұлын төлемеген 93 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы аптада шаһар аумағында тәртіп сақшылары, жеке сот орындаушылары және прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Айыппұл төле» шарасы өткізілді.

«Соның аясында полиция қызметкерлеріне айыппұл бойынша 57 767 279 теңге қарызы бар 3826 адамның тізімі жолданды.

Рейд барысында 1,1 млн теңгеден асатын 110 әкімшілік айыппұл өндіріліп алынды. Жеке сот орындаушыларына жалпы сомасы 3 767 122 теңгені құрайтын 226 қаулы жіберілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Апта ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша көп мөлшерде берешегі бар 93 жүргізушінің автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.