Елдегі шектеу шараларының алынуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚКО-лардың жұмысын қайта жандандырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
6 сәуірден бастап облыс орталықтарындағы бөлімшелердің бірі 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады.