Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон 27,6% дауыс жинап, президенттік сайлауда көшбасшылықты сақтап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Франция Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, «Ұлттық бірлестік» оңшыл партиясының басшысы Марин Ле Пен 23,41% жинап, екінші орынжа келе жатыр. Ал солшыл партияның басшысы Жан-Люк Меланшон 21,95%-дық көрсеткішпен үшінші орында тұр.
Сонымен бірге, Францияның астаналық аймағында қандидаттар қатарынан шығып кеткен Меланшон (30,24% дауыс) бірінші орынды иеленді, одан кейін Макрон (30,19%) және Ле Пен (12,97%). Бұл аймақта төртінші орынды оңшыл кандидат Эрик Земмур (7,46%) иеленді. Бестікті 6,19% жинаған оңшыл республикалық партияның кандидаты Валери Пекресс жапты.
Айта кетсек, Франциядағы президенттік сайлаудың екінші туры 24 сәуірде өтеді.