ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов eHealth электронды денсаулық сақтау бағдарламасының іске қосылу мерзімін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет - Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бытыраңқы ақпараттық жүйелерін біріктіру. Бұл мәселені шешу үшін бүгінгі таңда eHealth электронды денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық бағдарламасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтардың ұлттық электронды денсаулық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалану және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр», деп жазды Е.Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында.
Оның айтуынша, 2022 жылы eHealth ядросының негізгі компоненттерін іске қосу жоспарланған, ал оның толық іске қосылуы 2023 жылға жоспарланған.
«Қазіргі уақытта eHealth ядросының базалық компоненттерін әзірлеу бөлігінде ДСМ АЖ түрлендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Модификациялар шеңберінде «Цифрлық бостандық» қағидатын іске асыруды қамтамасыз ету жоспарлануда, оған сәйкес деректерді жоғалтпай медициналық ақпараттық жүйелер арасында деректерді беру мүмкіндігі ұсынылады, бұл медициналық ұйымдардың МАЖ-ға тәуелділігін болдырмауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «вакцинация», «вакцинацияның электрондық паспорты», «клиникалық ақпараттың орталық қоймасы» модульдері іске қосылады», деп атап өтті вице-премьер.