• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Сәуір, 2022

ҰҚК мәйіті табылған сарбазға қатысты түсініктеме берді

464 рет
көрсетілді

Кеше ҰҚК Шекара қызметі 2 наурызда хабар-ошарсыз кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішовтің мәйітін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі іздеу жұмыстары Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтығанын, оның ішінде Бердішовтің туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шаралары жүргізілгенін айтты.

Сарбаздың мемлекеттік шекараны кесіп өткен-өтпегендігін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосы да хабардар етілген.

«9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады. Келесі күні ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен табылған заттардың орнын қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Ұ.А.Бердішовтің мәйіті табылды. Аталған факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады. Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, 11 сәуірде Шекара қызметі сарбаздың мәйітін ата-анасының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізіп беретінін мәлімдеді.