• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2022

Қаңтар оқиғасына қанша қылмыстық топ қатысқаны анықталды

4365 рет
көрсетілді

Арнайы прокурорлар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«12 ұйымдасқан қылмыстық топтың ішінде ең белсенділері – «Дикий Арман», «Қазақстандықтар» және «Айшуақ-Жантүгел» топтары болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды», деді Бас прокуратура өкілі.

Сондай-ақ ол ұсталғандар арасында қылмыс әлемінің 4 беделді тұлғасы бар екенін атап өтті.

«Оның ішінде 4 қылмыс авторитеті бар. Бұл қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтап, жауапқа тарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылып, оның 269-ы қамауға алынды», деді Елдос Қилымжанов.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасына пәтер берілетінін айтқан болатын.