• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2014

Өлілер тізіміндегі ардагер

302 рет
көрсетілді

Өмірде түрлі қызықтар бар. Өкініш­­ке қарай кейде жұрт­шы­лықты таңдандырар емес, жаға ұстататындары да кездеседі. Атырауда Ұлы Отан соғы­сының ардагері Александр Погодаев бұдан он жыл бұрын өлілер тізіміне енгізіліпті. Қалай? Не үшін? Бұл сауалдарға әзірге жауап жоқ. Ар­дагердің немересі Ольга Сбит­не­ва­ның айтуынша, соғыс ардагері ті­рілер санатынан шығарылып тасталған. – Бізге бұл халыққа қызмет көр­сету орталығына жүгінген кезіміз­де белгілі болды. Куәлікке белгі салып, орталықта бізге қызмет көр­сеткен қыз мұндай анықтама ала ал­майтынымызды айтты. Өйткені, Александр Ива­нович Погодаев мәліметтер базасында 2001 жыл­дан қайтыс болғандар санатында бо­лып шықты, – дейді ардагердің неме­­­ресі Ольга Сбитнева. Ұлы Отан соғысының арда­­­гері, ішкі істер қызметінің отс­тав­кадағы полковнигі, сонымен бірге, «Фронтовичка» еңбек ардагерлері хорының белді мүшесі саналатын Александр Погодаев әзірге өлілер санатында екенін әлі білмейді. Себебі, ол 2004 жылы жаңа жеке куәлік, шетелдік төлқұжат алыпты. Тіпті 2013 жылы жаңа пәтерге ие болған. – Тірілер тізімінде жоқ адам­ға қалай­­­­ша жаңа құжаттар беріл­ген? – деген таң­данысын жасыр­майды ардагердің немересі О.Сбит­нева. Бір қызығы өлілер санатына енгізілген соғыс ардагері А.Погодаев жақын арада 90 жасқа толғалы отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.