• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Сәуір, 2022

Елімізде 32 градусқа дейін ыстық болады

221 рет
көрсетілді

Қазгидромет 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады деп болжанады. Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болмақ. Елдің батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 18-26 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде — 15-26-қа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында 32 градусқа дейін ыстық болады.