• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Сәуір, 2022

«Айқын-Литер» ЖШС директоры тағайындалды

563 рет
көрсетілді

Журналист Ысқақ Егембердиев Nur Media медиахолдингіне қарасты «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы туған.

Білімі – жоғары. Экономика магистрі, PhD докторанты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін тәмәмдаған.

​2005-2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін иемденді.

Ол өзінің еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының​ «Сарыарқа», «Мысты өңір»​ газеттерінде тілші ретінде бастады.

2003-2004 жылдары аралығында «Қазақ университеті»,​ «Жас Алаш»​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған.

2005-2019​ жылдары өз шығармашылығын «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі ретінде шыңдаған.

2019 жылдың сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, бас директоры қызметін атқарған.