• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2014

Көпжақты форумдар жұмысына қатысты

236 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Ресей Федерациясына ресми сапары болып өтті. Мәскеуге сапары аясында, ресейлік әріптестерімен екіжақты кездесулерден басқа, еліміз сыртқы саясат ведомствосының басшысы көпжақты форумдар жұмысына қатысты. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Сыртқы істер ми­нис­трлерінің кеңесіне қатысып, оның шеңберінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері сыртқы саяси қызметті үйлестіру қырларын, халықаралық жағдайдың негізгі даму үрдістерін, сонымен қатар, Ұйымның жауап­кершілігі аясындағы басқа да қау­іп­сіздікті қамтамасыз ету мәсе­лелерін талқыға салды. Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет­тер өкілдерінің сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс мәсе­лелері жөніндегі Кеңесу жоспары бекітілді. Сондай-ақ, ҰҚШҰ Сырт­қы істер министрлері кеңесінің Ауғанстандағы президент сайлауына байланысты және Сириядағы ахуал бойынша Бір­лескен мәлімдемесі бекітіліп, ұйым­дастыру және үдерістік си­пат­тағы бірқатар шешімдер қа­былданды. ҰҚШҰ СІМК-нің келесі отырысы 2014 жылдың екінші жартысында ҰҚШҰ мемлекет басшылары дең­гейіндегі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясының қарсаңында Мәскеуде өтетін болады. Е.Ыдырысов ТМД Сыртқы істер министрлерінің кезекті кеңе­сіне қатысты. Сыртқы саясат ве­домстволарының басшылары ха­лықаралық саясаттағы өзекті  мәселелерді, соның ішінде Украи­на­дағы соңғы жағдайларды талқыға салды. 2013 жылға арналған ТМД ая­сындағы көпдеңгейлі СІМ-ара­лық кеңестердің жоспарын іске асыру барысы қарастырылды. Аталған құжат 10 консультацияларды, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ шеңберіндегі өзара ықпалдасу мәселелері жөнінде кеңес өткізу, қару­сыздану саласындағы ынты­мақ­тастық және басқа да мәсе­лелерді қамтиды. Отырыс барысында есірткі айналымын халықаралық қада­ға­лау жүйесін сақтап қалу және ны­ғайту жөнінде ТМД СІМК-нің Мәлімдемесі қабылданды. Он­да БҰҰ-ның орталықтанған үй­­лес­тіруші рөлін күшейту қа­жет­тілігі атап өтіліп, ғаламдық есірт­кі трафигі мәселелесін шешу­де халық­аралық күш-жігердің тиім­ді­лі­гін арттыру жолдары туралы конструк­тивті үн­қатысуға дайын екендігі расталды. Күн тәртібі мәселелерінің бірі ТМД-ның жоғары органдары – мемлекет басшылары кеңесі мен Үкімет басшылары кеңе­сі­нің мазмұндық бөлігін дайындау болды. Осыған орай, «2016 жыл­ды ТМД-дағы білім жылы деп жариялау», «Онкологиялық ауру­ларға қарсы әрекеттер жасау саласындағы ынтымақтастық тұжы­рымдамасының жобасы туралы», «2020 жылға дейінгі кезеңге ұлттық спорт түрлерін қолдау және дамыту бағдарламасы мен оны 2015-2017 жылдар аралығында іске асыру жоспары», «Топогеодезия саласындағы ынтымақтастық жө­нін­де келісім мен ТМД-ға мүше мем­лекеттер қарулы күштерін нави­гациялық қамтамасыз ету жобалары туралы», «Гуманитарлық минасыздандыру саласындағы қарулы күштердің инженерлік әскердің ын­тымақтастығы туралы келісім» жобалары қаралып, мақұлданды. «Егемен-ақпарат».