• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Сәуір, 2022

Супермаркеттің сақтау камерасынан ұялы телефон ұрлаған тұрғын ұсталды

203 рет
көрсетілді

Ұрлықшы сақтау камерасының ұяшығына кілтті сәйкестендіріп алған, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«Күндізгі уақытта «Магнум» супермаркетінде болған әйел, сақтау камерасының жанындағы сатып алушылардың көптігін пайдаланып, бос ұяшықтың кілтін алып, басқа ұяшықты ашып алған. Ол алып шыққан сөмкеде құны 450 мың теңге тұратын «Айфон 12» телефоны болған. Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстаған. Ол 39 жастағы елорда тұрғыны болып шықты», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді, күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.