Түркістанда жалған 9300 АҚШ долларын сатқан адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
«Қылмыс жасаған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», делінген агенттік хабарламасында.
Агенттік жалған банкноттар туралы +7 7172 708 478 сенім телефоны арқылы хабарлауды сұрайды.