• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Сәуір, 2022

Филиппиндегі су тасқынынан 28 адам қайтыс болды

290 рет
көрсетілді

Филиппиндегі тропикалық жаңбырдан туындаған су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандар саны 28-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

The New Daily басылымының хабарлауынша, 10-11 сәуірде Лейте провинциясының Байбай маңындағы төрт ауылда болған көшкіннің салдарынан 22 адам қаза тапқан.

20 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Давао-де-Ора және Давао Ориенталь провинцияларында қатты дауыл салдарынан болған су тасқыны мен көшкіннің салдарынан тағы алты адам қаза тапты.

Соңғы аптада елдің орталық және оңтүстік өңірлерінің аймақтарында 200-ге жуық су тасқыны болды. Жалпы су тасқыны салдарынан 30 мың отбасы қауіпсіз жерлерге көшірілді.