• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2014

Ынтымақтастыққа ықылас жоғары

332 рет
көрсетілді

Қазақстан елшісі Б.Шабарбаев Пәкістан Парламенті Ұлттық Ассамблеясының спикері С.Садикпен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Тараптар екіжақты ынты­мақ­тастық, соның ішінде саяси және сауда-экономикалық қаты­настардың аспектілері, сон­дай-ақ, көпжақты пішінде өзара әрекеттесушілік мәселе­лерін талқылады. Елші спи­кер­ді Қазақстан Пре­зи­ден­ті Н.На­зар­баевтың «Қа­зақ­стан жолы – 2050: бір мақ­сат, бір мүдде, бір бола­шақ» Жолдауының негізгі мақ­сат­тарымен таныстырды. Екі жақ елдер арасындағы қатынастардың жандана түс­кенін атап өтті. Атап айтқанда, Гаага қаласындағы Ядролық қауіп­сіздік саммитінің алаңын­да Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың Пәкіс­тан премьер-министрі Наваз Шарифпен екі­жақты кездесуі, сондай-ақ, Жене­вадағы 130-Пар­ламентаралық Одақ Ассам­­блеясына қатысу шең­берінде С.А.Садиктің Қазақ­стан Парламенті Мәжілі­сінің Төра­ғасы Нұрлан Ны­ғ­ма­ту­лин­мен кездесуі өткен болатын. Екіжақты ынтымақтастық шең­берінде сұхбаттастар екі ел бас­­­шылығының сапарлары, Астанадағы сау­да-экономикалық, ғылыми-техни­калық және мәдени ынты­мақ­тастық бойынша Қазақстан-Пәкістан мемлекетаралық комиссиясының кезектi отырысын өткiзу және басқа да мәселелерді талқылады. Соны­мен қатар, Қазақстан Пре­зиденті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған ИЫҰ Азық-түлік ұйымының Жарғысына Пә­кістанның қосылу мүмкіндігі қарастырылды. Пәкістан Парламенті төменгі палатасының спикері үстіміздегі жылы Қазақстанға ресми сапармен бару ниеті бар екенін білдірді.