• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2022

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

4557 рет
көрсетілді

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы лауазымына Дінислам Болатханұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дінислам Болатханұлы 1978 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Мамандығы бойынша филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, құқықтанушы.

Қ.А. Яауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Қарағанды экономикалық университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2002-2007 жылдар аралығында Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, түркология факультеті деканның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болған.

2007-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің әкімшілік-қаржы басқармасының бас маманынан бастап Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіру және мониторинг басқармасы басшысы болған.

2011-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректоры қызметін атқарған.

2014-2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бері Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.