Елордада әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасы Уэльс құрамасымен ойнады.
Бұрымды футболшыларымыз 0:3 есебімен есе жіберді. Уэльс сапынан голдарды Кейли Грин (30-шы), Наташа Хардинг (42-ші) және Джессика Фишлок (65-ші) соқты.
Қазақстан құрамасы үшін бұл ресми кездесулердегі қатарынан 17-ші жеңіліс болды.
Қазақстандық футболшылар 2018 жылдың 12 маусымында Босния және Герцеговина құрамасын (2:0) жеңгеннен бері жеңіске жете алмай келеді.
Қазақстанның қазіргі іріктеу кезеңіндегі көрсеткішіне келетін болсақ, құрама жеті кездесуде жеті жеңіліске ұшырады.