• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2022

СҚО-да балықтың кей түрлерін аулауға тыйым салынады

369 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында балықтың уылдырық шашуына байланысты 15 сәуірден бастап шортан, аққайран және көксеркені аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес Есіл бассейні су қоймаларында балықтың және басқа да су жәндіктерінің уылдырық шашуына, көбеюіне байланысты оларды аулауға тыйым салынды.

15 сәуірден 15 мамырды қоса алғанда шортан, аққайран және көксеркені, 20 мамыр мен 20 маусым аралығында сазанды, тұқы балығын, 1 тамыздан 14 қыркүйекті қоса алғанда гаммарусты, 1 наурыздан 15 маусымға дейін артемий цисталарын, 1 маусымнан 15 шілдені қоса алғанда өзен шаяндарын аулауға (аулау, жинау, дайындау) тыйым салынады.

Сондай-ақ 20 сәуір мен 20 маусым аралығында Ақмола облысы және СҚО аясында Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және олардың барлық салалары мен қоймаларында балық аулауға болмайды.

«Уылдырық шашу кезеңінде табиғатты қорғау полициясы мен басқа да мүдделі ведомстволардың бірлескен рейдтік іс-шаралары күшейтіледі. Балық аулаушыларды заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Тыйым салынған мерзімде балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабымен жеке тұлғаларға 20 АЕК дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК дейін айыппұл салынатынан еске саламыз», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы жыл басынан СҚО-да ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы бойынша 86 адам жауапқа тартылды.