• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2022

Ақтөбелік оқушы жасөспірімді қорқытып несие алдырған

242 рет
көрсетілді

Зардап шегушінің атына күштеп 330 мың теңге көлемінде несие рәсімделген. Қаскөй ол ақшаны жаңа телефон сатып алуға жұмсамақшы болыпты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның хабарлауынша, 4 сәуірде полиция бөліміне 17 жасар колледж студентінің ата-анасы көмекке жүгінген. Олар бейтаныс жасөспірім ұлын қорқытып-үркітіп несие алдырғанын айтқан.

Полицейлер жергілікті мектептердің бірінен 11 сынып оқушысын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Бұл баптың санкциясы айыптының мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді.