• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2014

Мысырда болған қақтығыстан ондаған адам қаза болды

294 рет
көрсетілді

Мысырдың оңтүстігінде жауласқан тайпалардың қақтығысы кезінде ондаған адам қаза болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады. «Бени-халяль» мен «Дабудия» тайпаларының арасындағы қақтығыс өткен сенбіден бері жалғасып келеді. Одан бір күн бұрын Асуан провинциясындағы мектеп оқушылары бір-бірімен жанжалдасып, бұл мәселеге ересектер де араласқан көрінеді. Жауласқан екі топ қолдарына қару алып, ашық шайқасты.Үш күнге созылған қақтығыстан 26 адам қаза болып, ондаған азамат жарақат алды. Сондай-ақ бірнеше тұрғын үй өртенді. Қаза болғандардың арасында әйелдер мен балалар да бар екен. Жауласқан топтарды тыныштандырмақшы болған полицияның әрекеті нәтиже бермегендіктен, оларға көмекке қарулы күш жасақтары тартылып, Асуан провинциясына коменданттық сағат енгізілді. Аталған провинция губернаторы Мустафа Юсри мәлімдегендей, билік құрған татуластыру комитеті мен жауласқан топтардың ақсақалдары келіссөз жүргізіп, үш тәулікке провинцияда тыныштық орнатуға шешім қабылданды. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: Ap.org.