Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті; Уорик Университеті (Ұлыбритания).
«Қазақстан» телеарнасында редакторлық қызмет атқарған (2012);
«Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер (2012-2018);
ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитеті интернет-кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м. а., басшысы (2018-2019);
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары (2019-2020);
ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (05.2020-02.2022);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары (02.2022 бастап).