• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2022

Минск-Алматы ұшағына «бомба қойылуына» қатысты қылмыстық іс қозғалды

282 рет
көрсетілді

Алматыға Минскіден ұшып келген ұшақ ішіне бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат беру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы әуежайының электронды поштасына Минск-Алматы бағытындағы ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен болатын.