• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2022

Ұлттық біліктілік тестілеу кезінде мұғалім қайтыс болды

466 рет
көрсетілді

Бүгін тест тапсыру кезінде Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде істейтін, 1973 жылы туған мұғалім қайтыс болды. Ол гипертониялық ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Хабарламада қалалық білім бөлімінің өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтып,  қажетті көмек көрсетілетіні айтылған. 

Ұлттық тестілеу орталығы бұл соңғы 4 жылдағы бірінші рет болып тұрған жағдай екенін айтып отыр. Сонымен қатар алдағы уақытта тестілеу орталықтарында алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтілмек. 

Орталық сондай-ақ сертификаттау ерікті екенін атап өтті. Мұғалімдер тіркеліп, тесттен өтсе, бұрынғы жалақыларына қосымша үстеме алады. Қосымша ақы расталған біліктілік санатына байланысты төленеді.

«Еске салайық, денсаулығы нашар болған жағдайда тестілеу күнін өзгертуге болады», деді ҰТО-нан.