• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2022

СҚО тұрғыны қабірдегі әкесін біреулер «көшіріп» жібергенін айтты

246 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстанда Новоишим ауылының тұрғыны әкесінің бейіті қорланғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Egemen.kz astanatv.kz-ке  сілтеме жасап.

Жас жігіт бұл сұмдықты жергілікті кәсіпкер істеді дейді. Себебі, бұған дейін олар зираттағы орын үшін таласып қалған көрінеді. 

Новоишим ауылының тұрғыны Игорь Лазарев былтыр қыркүйек айында әкесін жер қойнына тапсырған.  Айтуынша, зиратта жер тапшы болған соң, бір бейіттің маңайындағы брусчатканы алып тастап, әкесін сол жерге жерлепті. Енді ол қабірдің аршылып, ондағы мәйіттің мүлде басқа жерде жатқанын байқаған.

Ал полицейлер бейіттің орнын ауыстыру заңға қайшы дейді. Құпияға толы қылмысты тәртіп сақшылары тергеуге кірісіп кетіпті.