• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2022

Павлодарда мектеп өртеніп, бес оқушы ауруханаға түсті

449 рет
көрсетілді

Павлодарда мектептегі өрт салдарынан 479 адам эвакуацияланып, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 15 сәуір күні сағат 11.00-де Малайсары батыр көшесінің бойында орналасқан № 1 орта мектептің үшінші қабатындағы кітап қоймасы өртенген.

15 шаршы метр аумақ (жиһаз, кітаптар жану) өртке оранған. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 479 адам эвакуацияланды, оның ішінде 414-і бала. Сағат 11:41-де өрт сөндірілген.

Бес оқушыны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Өрт сөндіру орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері жұмыс істеп, тоғыз техника жұмылдырылды.