• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қаржы 15 Сәуір, 2022

Наурыз айында ең жоғары инфляция тіркелген

180 рет
көрсетілді

Наурыз айындағы инфляциялық үрдістерге шолу жасаған Ұлттық банк жыл басынан бері наурыз айында елімізде ең жоғары инфляция тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк дерегі бойынша, наурызда айлық инфляция 3,7% деңгейінде, жылдық ифнляция 12% деңгейінде болды. Бағаның өсуі инфляция компоненттерінің бүкіл өлшемдері бойынша байқалған.

«2022 жылғы наурызда тұтыну бағалары 3,7%-ға өсіп, 1996 жылдан бастап осы ай үшін ең жоғары мәнді көрсетті. Жылдық мәнде бағаның 12%-ға дейін өсуінің жеделдеуі байқалды (2022 жылғы ақпанда – 8,7%). 2022 жылғы наурызда азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жылдық мәнде 15,4%-ға дейін жеделдеді (2022 жылғы ақпанда – 10%)», деп жазады Ұлттық банк мамандары.

Ал азық-түлік емес тауарлардың жылдық инфляциясы 10,9%-ға дейін жеделдеген.

«Теңге бағамының әлсіреуі тауарлардың барлық топтары бойынша бағаның өсуіне әсер етті. Микрочиптердің жетіспеушілігі аясында автомобильдердің құны өсті. Импорттық бағаның өсуіне байланысты киім мен аяқ киім мен дәрі-дәрмек бағасының өсуі жеделдеді», деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.

Ал ақылы қызметтер бағасының жылдық өсу қарқыны 2022 жылғы наурызда 8,3%-ға дейін жылдамдаған. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға қолда бар ақшасын теңге депозиттерінде сақтауға кеңес берді.