• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2022

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылды

424 рет
көрсетілді

Алматыда КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ескерткіш көрнекті опера және эстрада әншісінің 100 жылдығын мерекелеу аясында Төле би көшесі мен Қалдаяқов көшесінің қиылысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орнатылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.   Ескерткішті қала әкімі Ерболат Досаев, Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов пен Асанәлі Әшімов ашты.   Қонақтардың арасында Алтынбек Қоразбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Нұрлан Оразалин, Әлібек Дінішев және өзге де қонақтар, қала тұрғындары бар.