Бір ғасырдан астам мерзімнен бері «қара алтын» өндірумен өндірісі өрге басқан Атырауда құс шаруашылығын дамытуға бет бұрылмақ. Бұл туралы «ATYRAU INVEST –2014» бизнес-форумының барысында «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Абат Тасымов хабарлады.
А. Тасымовтың мәлімдеуінше, өңірде қуаттылығы шамамен 2 мың тоннаға жететін құс фабрикасы салынбақ. Мұндағы бір ерекшелік, өңірде алғаш рет қаз етін өндіру қолға алынады. Сонымен бірге, Атырау облысында 2600 тонна тауық етін өндіретін тағы бір құс фабрикасының құрылысы басталады. Осыған байланысты құс фабрикасын қаржыландыру мақсатындағы ортақ меморандумға «ATYRAU INVEST -2014» бизнес-форумы кезінде қол қойылды. Құс фабрикасын 2015 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Қазір Атырау облысының Жылыой ауданында бір құс фабрикасы жұмыс жасайды. Таяу арада бұл құс фабрикасының тауық еті мен жұмыртқа шығару көлемін ұлғайту көзделуде.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Атырау облысы.
Дереккөз: «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ.
Фото: Автор.