• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 15 Сәуір, 2022

Қазақстан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жақындады

179 рет
көрсетілді

Елордада Билли Джин Кинг кубогы аясында өтіп жатқан Қазақстан – Германия матчында Елена Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Е. Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 232-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.

Е. Рыбакина 22 жаста болса, германиялық теннисші 34-те. Осыған дейін қарсыластар үш мәрте кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші жеңген еді.

Бұл жолы Е. Рыбакина бірінші партияда Л. Зигемундқа бірде-бір гейм бермей, 22 минутта 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Елена таразы басын сол бойда теңестіріп қана қоймай, есепті 5:1-ге жеткізді.

Осылайша есеп 2:0 болды. Қазақстан алда келе жатыр. Қазақстан – Германия матчы ертең жалғасады. Қазақстандықтарға қалған кездесулерде бір ұпай алса, жетіп жатыр. Өз тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.