Аустралияның Сыртқы істер министрі Марис Пэйн Украинадағы жағдайларға байланысты 14 ресейлік компанияға санкция салынғанын айтты. Бұл туралы ақпарат министрліктің ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аустралия ресейлік КамАЗ, Новороссийск теңіз сауда порты, «Росэлектроникс холдингі», «Севмаш» біріккен кеме жасау корпорациясы, «Алроса», «Совкомфлот», «Ресей темір жолы», «Газпром», «Газпром нефть», «Транснефть», «РусГидро», «Ростелеком» және «Согаз» компанияларына санкция салды.