• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2022

Алматы облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пара алған

281 рет
көрсетілді

Алматы облысында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары және Алматы облысы Қапшағай қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы пара алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары («үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды) және Алматы облысы Қапшағай қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы әшкереленді, олар адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен 1000 АҚШ доллары сомасында жалпы қамқорлық үшін пара алды.

Тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.