Тимур Тәшімбаев ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Egemen.kz бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды», делінген мәліметте.