• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2022

Солтүстік Қазақстанда 200-ге жуық дәрігердің орны бос тұр

203 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында медициналық кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін былтыр жергілікті бюджеттен 22 жас маманға көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға 9 несие берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-ға екі күнге келген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният іс-сапарының қорытындысы ретінде өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.

Өңірде медицина саласында шешімін күткен мәселе баршылық. Соның бірі – кадр жетіспеушілігі.

Қазіргі уақытта 7,5 мың медқызметкер бар болса, соның 1 694 дәрігер және 5 839 орта медицина қызметкері. Тағы 187 дәрігердің орны бос тұр.