• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2022

Түркістан облысында «Таза су айдындары» акциясы өтіп жатыр

525 рет
көрсетілді

Түркістан облысында жыл сайынғы  «Таза су айдындары» республикалық акциясы басталды, оның барысында күніне бес тонна қоқыс жиналып, 200-ге жуық балық құтқарылды. 30 мың метрге жуық иесіз балық аулау торлары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кету керек, Шардара су қоймасы 72 мың га аумақты алып жатыр, бұл аумақты тазалауға 200-ге жуық табиғат жанашырлары қатысты, 15 бірлік техника, 9 бірлік су көлігі жұмылдырылды.

«Мұндай акциялар болашақ ұрпақ үшін су қоймаларымыздың биоалуантүрлілігін сақтау үшін үлкен маңызға ие. Біз су қоймаларын тасталған (иесіз) балық аулау жабдықтарынан, жағалау аумақтарындағы қоқыстардан тазартамыз. Бұл сөзсіз қоршаған ортаға көп пайда әкеледі. Барлықтарыңызды су объектілерінде, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының тіршілік ету орталарында тазалықты сақтауға шақырамын», деп атап өтті Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Пазылбек Нәлібаев. 

Айта кету керек, өткен жылы Түркістан облысының су қоймаларынан 60 мың тоннаға жуық қоқыс тазартылып, 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылып, мыңнан астам экоактивист тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған табиғат қорғау акциясы жыл сайын республикалық деңгейде өткізіледі. Биыл 18 наурыздан 31 мамырға дейін үздіксіз өткізіледі.