• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Сәуір, 2022

Үкіметте «KAZAKH INVEST» компаниясының бір жылғы жұмысы қаралды

259 рет
көрсетілді

Үкімет басшысыныңтөрағалығымен өткен «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды  Egemen.kz  Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста компанияның 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды, 2021 жылға арналған қаржылық есеп алдын ала мақұлданды. Сондай-ақ Есеп саясаты және Қаржы ресурстарын басқару саясаты секілді жаңа редакциядағы бірқатар ішкі құжаттар бекітілді. Ішкі аудит қызметінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2022 жылғы І тоқсандағы есептері қаралды.

Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың айтуынша, «KAZAKH INVEST» компаниясының қолдауымен 2021 жылы 5 мың жұмыс орнын құра отырып, 3,8 млрд доллардан астам сомаға 57 жоба іске асырылды. Өндірістік алаңдарды аралаумен шетелдік инвесторлардың Қазақстан өңірлеріне 190-нан астам сапары ұйымдастырылды. Олардың аясында мемлекеттік органдармен және жергілікті бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны пандемияға дейінгі деңгейге жетіп, 23,7 млрд долларды құрады.

Ел басшылығының тапсырмасы бойынша ҚР аумағында халықаралық компаниялардың өндірісін жергіліктендіру мақсатында кең ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Әлемнің 30-ға жуық елінен шикізаттық емес салалардың 200-ден астам компаниясына инвестициялық ұсыныс-пакеттер жолданды. Мүдделі компаниялармен белсенді түрде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ҚР Премьер-Министріне «KAZAKH INVEST» компаниясының шетелдегі өкілдерінің қызметінің нәтижелері туралы баяндалды. Шетелдегі өкілдер жұмысының тиімділік көрсеткіштері жыл сайын Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалық ететін кеңесте қаралады. Бұл бағыттағы жұмыс шетелдік өкілдер бар өңірлерде пандемиялық шектеулердің біртіндеп алынуының нәтижесінде жанданып жатқаны атап өтілді.