Уганданың орман жануарларын қорғау ұйымы салмағы тонна тартатын қолтырауынды қолға түсірді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Қолтырауын бұған дейін төрт балықшыны өлтірген екен. Сондай-ақ ол Вайракей, Руабитуки, Масиси, Джинджи мен Маюджи аудандарындағы балықшыларға шабуыл жасаған.
Виктория көлінің жағасына қойылған қақпанға төрт күн ішінде қолтырауын да түсті. Орман жануарларын қорғау ұйымының қызметкерлері оны байлап, жүк көлігіне тиеді. Енді жыртқыш «Мерчисон Фолс» ұлттық саябағына жіберіледі.
Мамандар қолтырауынның жасы кем дегенде 80-де деп есептейді. Сондай-ақ ол әлемдегі ең алып қолтырауыннан небәрі 47 килоға жеңіл болып шықты. Соңғысы өткен жылдың ақпан айында өлді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Lenta.ru.
Фото: AFP.