Атырау облысында жыл басынан бергі үш айда прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде 86 млн. теңгеден асатын еңбеккерлердің жалақы қарызы төленді. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы хабарлады.
Жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар өтеліп, нәтижесінде 962 жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды. Соның ішінде «АСД» серіктестігінің жұмысшылары көптен бері ала алмаған жалақысына қол жеткізді. Сонымен бірге, банкрот деп танылған «Атырау-Балық» АҚ 534 қызметкерінің 46,3 млн. теңге жалақысы төленді. Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесі өңірдегі жалақы берешегі бойынша жағдайдың жақсаруына оң ықпал етті.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Атырау облысы.
Дереккөз: Атырау облыстық прокуратурасы.
Фото: Maps.resurs.kz.