ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында СҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында болып, оның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айжан Есмағамбетова кабинеттердің жабдықталуын қарап, ұжым алдына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жұмысты жақсартуға қатысты нақты міндеттер қойды.