• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2022

Ақтөбеде прокуратура тексерісінен кейін коммуналдық қызмет тарифі төмендеді

183 рет
көрсетілді

Ақтөбедегі Астана ауданының прокуратурасы мен антимонополиялық департамент АО Aqtobe su – energy group АҚ-да тексеріс жүргізіп, заңбұзышылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz «Диапазон»-ға сілтеме жасап.

«Монополист 892 миллион теңгеден аса сомаға сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша іс-шараларды орындамады. Прокуратураның тексерісінен кейін 1 қаңтардан бастап 1 жылға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф 2,16 пайызға, су бұру – 0,37 пайызға және жылумен жабдықтау – 4,31 пайызға төмендеді», делінген хабарламада.

АО Aqtobe su – energy group-қа 9,3 миллион теңге айыппұл салынды.