Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханамен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыс жобасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, құжат бекітілген жағдайда, M.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне - 370 орын, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне - 550 орын, Қазақстандық инженерлік-технологиялық университетіне - 188 орын, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясына - 250 орын дайындау міндеті тұр.
Жалпы, студенттер үйлерінде 33400 орын дайындау жоспарлануда.
Толық тізіммен Ашық НҚА сайтында танысуға болады.