• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Сәуір, 2022

Студентті тонап кеткен ер адам ұсталды

189 рет
көрсетілді

Қарағандыда студентті тонап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне оқу орындарының бірінің 19 жастағы студенті жүгініп, өзіне белгісіз біреудің шабуыл жасағанын айтқан. Қаскөй оған дене жарақатын салып, одан ақша алып, қашып кеткен.

ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 12 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 24 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Ол кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.