• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2022

СІМ Киевтегі елшіліктің жұмысына қатысты түсініктеме берді

298 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Қазақстанның Украинадағы елшілігі өкілдерінің Киевке қайтып брағаны туралы мәлімет тараған болатын. Осыған байланысты ҚР Сыртқа істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің елшілік Львов қаласында өз жұмысын жалғастыруда. Елшілік ғимаратын күзету және оған күтім жасауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің бірі Киевке жіберілді», делінген министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері Қазақстанға Ресейден 130 мыңға жуық адам келді, оның 120 мыңы кері оралған. Ал Украинаның 3481 азаматы елде жүр.