• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Сәуір, 2022

Алмазбек Атамбаев 27-ші түзеу колониясына ауыстырылды

207 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қырғызстанның Қылмыстық атқару қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алмазбек Атамбаев Шу облысы, Аламүдүн ауданы Молдовановка ауылындағы жалпы режимдегі 27 мекемеге ауыстырылды», деді қызмет өкілі.

Бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Шу облысы Петровка ауылындағы 8-ші түзеу колониясына ауыстыруды сұраған. Оған дейін ол Бішкек қаласындағы госпиталь типіндегі 47-колонияда жазасын өтеген.

2011-2017 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болған Атамбаев 2019 жылы маусымда президенттік иммунитетінен айырылып, оған жемқорлық үшін айып тағылған болатын. Ол 2019 жылдың 8 тамызында Бішкек іргесіндегі Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталды.

2020 жылдың қазан айында ел президенті Сооронбай Жээнбековтің отставкаға кетуіне әкелген оппозиция жақтастары мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстардан кейін билікке елдің қазіргі Президенті Садыр Жапаров келді. Содан кейін бірқатар саяси тұтқындар, соның ішінде Атамбаев түрмеден босатылды, бірақ бірнеше күннен кейін ол Бішкектің орталығында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айыппен ұсталды.