18 сәуірде сағат 14:30-да Алматы қаласының «101» пультіне Ақкент шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өрт жетінші қабаттағы пәтерден шыққан. Оттың сегізінші және тоғызыншы қабаттарға ауысу қаупі болды. Өрт сөндірушілер 7 адамды құтқарып, 65 адамды, оның ішінде баласы бар әйелді эвакуациялады. Өрт 15:02-де толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген Алматы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, өрттің нақты себебі анықталуда.