KASE Қазақстан қор биржасы 17:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 449,3 теңгені құрап, бірден 5,15 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ресей рублінің орташа бағамы - 5,6 теңге (-0,07), сауда-саттық көлемі 575 млн рубльді құрады.
Қытай юанінде сауда-саттық болған жоқ.
Ұлттық Банк еуро бағамын 491,25 теңгеге белгілеген.
Айырбас пункттерінде америкалық долларды 445-454 теңгеден, еуроны – 481-493 теңгеден, рубльді - 5,15-5,45 теңгеден сатып алады/сатады.