• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2014

Сессия аясындағы жүздесулер

264 рет
көрсетілді

Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) жыл сайынғы сессиясының екінші бөлігі аясында Қазақстан Парламенті  делегациясының жетекшісі, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев ЕКПА Төрағасы Анн Брассермен (Люксембург) кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. ЕКПА Төрағасы А.Брассер Қазақ­стан Парламенті мен ЕКПА арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуына 10 жыл толғанда өткен кездесудің ерекшелігін атап өтіп, Еуропа Кеңесі парламенттік институты мен Қазақстан Республикасы Парламентінің арасындағы үнқатысудың үдей түсетініне сенім білдірді. Сенат Төрағасының орынбасары Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты дамыту Қазақстан сыртқы саясатындағы басымдықтар қатарында екенін атап өтті. Қазақстан Парламенті мен ЕКПА арасындағы іс-қимыл өзара түсіністік пен сенім аясында дамуда екенін айтып, Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы бастамаларға Ассамблея басшылығының қолдау көрсетіп келе жатқанына тоқталды. А.Бейсенбаев А.Брассерге Қазақстан ба­с­шысы Н.Назарбаев халыққа Жол­дауында 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздейтін «Қазақстан-2050» жаңа мемлекеттік стратегиясын жария еткенін жеткізді. 2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша энергия жинақтау және балама энергия көздерін енгізу мәселелеріне арналған Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі өтеді. Қазақстан экологиялық қауіптер мен энергия тапшылығының жаһандық мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға ниеттеніп отыр. Энергияның балама көздерін дамытудағы және жаңа тех­нология мен биоотын өндіруде инно­вацияны пайдаланудағы Люксем­бургтің тәжірибесін ескере оты­рып, Қазақ­стан Республикасы Парла­менті деле­га­циясының жетекшісі А.Бей­сен­баев Люксембург компанияларын көрмеге белсенді түрде қатысуға шақырды. Кездесуге сенаторлар Владимир Боб­ров пен Орынбай Рахманбердиев қа­тысты. Сол күні қазақстандық делегацияның мүшелері ЕКПА-ның бұрынғы төрағасы, Түркияның Еуропалық Одақпен бай­ланыстар жөніндегі министрі М.Ча­вуш­оғлумен және ЕКПА-дағы түрік деле­гациясының мүшелерімен кездесті. М.Чавушоғлу саяси тұрақтылық және экономикалық өркендеу негізінде Қазақстанның қарқынды дамуына жоғары баға беріп, түркітілдес елдердің мойындалған лидері ретінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлін атап өтті.