• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2022

Атырау әкімі өзі туралы «жалған ақпарат таратқандарға» жауап берді

405 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Атырау қаласына өткен айда ғана әкім болып тағайындалған Мейірім Қалауи туралы әр түрлі ақпарат тарап жатыр. Жаңа әкім осы іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы күндері менің атымды жариялап, әр түрлі ақпаратты таратып жатыр. Жарияланған материалдар шындыққа жанаспайды. Мен бұл туралы алғаш рет 2019 жылы хабарлама жасаған болатынмын. Индер ауданының әкімі қызметін атқарып жүргенде осы тектес ақпараттар республикалық электронды құралдарына шыққаннан кейін өзімнің бастамаммен журналистерге хабарласып, барлық жайтқа орай түсіндірме (ratel.kz, azh.kz) бердім. 10 жыл бұрын (2012 жылы) мемлекеттік қызметке келгенге дейін, мемлекеттің тарапынан берілген жер телімін қазіргі қызметіммен байланыстырып, заңсыз әрекеттер жасады деген сөздер айтылып жатыр. Мен мемлекеттік қызметші ретінде де құқығымның қорғалғанын қалаймын. Сондықтан әдейі жалған ақпарат таратып жатырғандардың үстінен (соның ішінде фейк аккаунттардан) жақын арада Полиция департаментіне арыз түсіретін боламын», деп жазды М. Қалауи Facebook-тегі парақшасында.

Жаңа әкім «бұл әдейі маған қарсы ұйымдастырылып отырған шабуыл» деп жорып отыр.