• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Сәуір, 2022

Жамбыл облысында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

192 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. 4 сағатқа жуық жалынмен арпалысқан өрт сөндірушілер тілсіз жаудың бетін әзер қайтарған, деп хабарлады Egemen.kz.

Кеше түнгі 2-нің шамасында Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйдің шатырынан өрт шықты. Шұғыл әрекет жасаған ТЖД мамандары 120 тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 10 техника мен 50 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Нәтижесінде таңғы сағат 5-тер шамасында қызыл жалын сөнді.

Шатырдың 720 шаршы метрі жанып кеткен. Сондай-ақ 40 тұрғынға, жақын маңдағы мектептен төсек орын дайындалып, сонда орналастырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен шақырылған арнайы мамандар, өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.